Астана қаласы бойынша қаржы полициясы 20 миллион теңгеден асатын жалған теңгелер мен ақша белгілерін дайындауға арналған жабдықтарды тәркіледі

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Астана қаласы бойынша қаржы полициясы Департаментінің (қаржы полициясы) қызметкерлерімен жалған ақша белгілерін дайындаушыларды және өткізушілерді ұстау бойынша бұрын соңды болып көрмеген операция жүзеге асырылды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 11 қыркүйегінде қаржы полициясы астаналық департаментімен Қазақстан Республикасының барлық аумағында тек 10 000 теңге құнында жалған ақша қаражаттарын дайындау және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың белсенді мүшелеріне «Ұйымдасқан қылмыстық топты, банданы немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құру не оларға басшылық ету» ҚР ҚК 235 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жалған ақшаларды дайындаушылар мен өткізушілерді ұстау үшін арнайы іс шаралар дайындалды.

Астана қаласының қаржы полициясы Департаменті Республиканың басқа облыстарында анықталған ақша қаражаттарының номиналы және  сериялары ұқсас астаналық аймақта табылған жалған ақшаларды зерттеу бойынша іс-шаралар жиынын жүзеге асырды. Бұл зерттеу жалған ақша қаражаттарының Астана қаласына республиканың басқа аймақтарынан келіп түсетінін көрсетті. Жалған ақша белгілерін өткізу фактілері елдің көптеген өңірлерінде тіркелген. Мысалға, тек астаналық департамент қана жыл басынан номиналы 10 000 теңге жалған ақша қаражаттарын анықтау фактілері бойынша 314 қылмыстық іс қозғалды.

Бұдан былай терең жедел зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, нәтижесінде 2011 жылдың тамыз айынан Республиканың барлық аймақтарында жалған ақша қаражаттарын өткізумен айналысқан  тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ қызметі анықталды.

Ұйымдасқан қылмыстық топ Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысының 7 тұрғындарынан құралғандығы анықталды. Қазіргі уақытта аталған қылмыстарға басқа адамдардың қатыстылығы анықталып жатыр.

Департаменттің қызметкерлерімен елдің бірнеше аймақтарында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. 20 миллион теңгеден асатын жалған теңгелер және ақша белгілерін дайындауға арналған  жабдықтар  тәркіленді. Сонымен қатар, 100 млн. теңге сомасында ақша қаражаттарын дайындауға бұл топтың қатыстылығы тексеріліп жатыр. Департаменттің қызметкерлерімен Тараз қаласында жалған ақшаларды дайындауға арналған заманауи компьтерлік технологиялық жабдықтаулар жойылды. 

Жалған белгілерді дайындау орны, өткізу схемалары, тасымалдау маршруттары, сонымен қатар топ басшысы мен аталған қылмыстың ақарушылары анықталды.

Осылай, жалған ақша қаражаттары 3 бағытта Батыс  (Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау облыстары); Оңтүстік ( Алматы қаласы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары;) Солтүстік-шығыс (Ақмола, Қостанай, Қарағанда, Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы және Астана қаласы) аймақтарда таратылған.

Күдіктілер жалған ақша қаражаттарын сыбайластары арқылы шағын топтамалармен өткізіп отырған.  Өз алдына сыбайластар шағын партиялармен ірі қалаларға немесе алыс елді мекендерге тасымалдаған. Мысалға, астаналық такси жүргізушісі жалған ақшаларды өткізіп, қосымша табыс тапқан. Оны ұстау кезінде оның «Шкода Октавия» қызметтік көлігінің жасырын қоймасында жалған ақшалар жасырылғаны белгілі болды.  Жалған 10 мыңдық теңгелердің бір данасы 3 мың теңгеге, яғни номиналының 30 пайызына сатып алынған.

Айта кететін жағдай, қазіргі уақытта аталған тұлғалардың республиканың өзге аймақтарында ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Жедел түсірілімде аталған қылмыс бойынша күдіктілерді көре аласыздар, егер азаматтар бұл адамдардың заңға қайшы әрекеттері туралы ақпаратты білетін болса, қаржы полициясы органдарының ортақ сенім телефоны 144 нөмірі бойынша хабарласуларын сұрайды.

Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды, олар соттың санкциясымен тұтқынға алынды.

Жыл басынан қаржы полициясының департаменті ҚР ҚК «жалған ақша қаражаттарын немесе бағалы қағаздарды дайындау немесе өткізу» бабы бойынша 493 қылмыстық іс қозғады.