Астана қаласы Құрылыс департаменті бастығының бұрынғы орынбасарының ісі Алматы аудандық сотында қаралуда

АСТАНА. Мамырдың 6-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Астана қаласы Құрылыс департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ю.Яроштың ісі Алматы аудандық сотында қаралуда.

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, бұл азаматтың ісі бойынша алдын ала сот тыңдауы мамырдың 15-іне жоспарланып отыр.