Астана қаласы мен Ақмола облысында қатты жел соғады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Астана қаласы мен Ақмола облысында ауа райының күрт құбылуына байланысты ескерту жариялады.

«6-7 наурызда Ақмола облысы мен Астана қаласында шығыс, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жер-жерлерде жел екпіні 23-28 м/с-қа жетуі мүмкін», - делінген хабарламада.