2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Астана қаласының Ішкі істер басқармасы елорданың бірнеше көшесінде қозғалыстың шектелгенін хабарлады

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, маусымның 2-сінде Астананың бірнеше көшесінде қозғалыс шектеледі, деп хабарлады елордалық жол полициясы басқармасынан.

Тас төселуіне байланысты сағат 12.00-ден бастап Бөгенбай батыр даңғылынан Абай даңғылына дейінгі аралықта Сарыарқа даңғылының бір жағы жабылады. Бүгін сондай-ақ Сарыарқа даңғылы-Жангелдин көшесі және Сарыарқа даңғылы-Сейфуллин көшесі қиылыстарында да тура қозғалыс жартылай шектелетін болады.