«Астана» кәсіпқой велоклубындағы қаржылық мәселелер шешілді

АЛМАТЫ. Маусымның 19-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» кәсіпқой велоклубындағы қаржылық мәселелер шешілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Велоспорт федерациясы мен Olympus SARL компаниясы басқарушысы арасындағы келісім жемісті болды. Онда тараптар өзара тиімді келісімге қол қойды. «Астана» велоклубының менеджері Йохан Брюнельдің айтуынша, шабандоздар мен бүкіл клуб персоналының маусымның қалған бөлігіндегі белсенділігіне айтарлықтай кепілдік береді. Сәуір айынан бері жалғасып келе жатқан қаржылық мәселелер шешіліп, Қазақстанның велоспорт федерациясы маусымның 10-ына дейінгі Olympus SARL компаниясы алдындағы барлық қарызды өтеген. Сондай-ақ Үкімет тарапынан берілген барлық уәделер орындалып отыр. «Мен осындай қиын кезеңдегі команда мүшелерінің төзімділігі мен кәсібилігін жоғары бағалаймын. Тур де Франс жарысының басталуына 16 күн қалғанда шабандоздарға рухани демалыс керек. Біз қуаныштымыз, күшті командамыздың тұтастығы сақталды. Қазақстан Үкіметі берген кепілдіктің арқасында бұған дейінгі және қазіргі құрамда жұмысты жалғастыра аламыз. Қаржылық дағдарысқа қарамастан, ел Үкіметі велоспортты қаржыландыруын жалғастыруда», дейді Йохан Брюнель.