Синоптиктердің болжамына сәйкес, Алматы, Астана, Ақтөбе, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Петропавл, Тараз, Орал, Өскемен Ақсай және Шымкент қалаларында метеожағдайлар жақсарып, зиянды заттардың сейілуіне ықпал ететін болады.
Ал Ақтау, Жаңаөзен, Балқаш, Қарағанды, Теміртау, Талдықорған қалаларында метеорологиялық жағдайлар атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына алып келеді.
Айта кетейік, 2018 жылдың 1 қаңтарынан Қазгидрометтің www.kazhydromet.kz сайтында қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың (ҚМЖ) болжамы жарияланады.
ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.
Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық ахуалдың (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы) болжамы.