Ресейліктердің қызығушылығын тудырған ТМД қалалары ішіндегі топ ондыққа Минск, Ереван, Баку, Кишинев, Алматы, Киев, Астана, Витебск, Бішкек және Одесса кіреді.
Travel.ru ақпаратынша, Минскіге жазда ресейлік туристер орташа алғанда төрт күнге аттанып, қонақ үйде тұрғандары үшін тәулігіне шамамен $80, Ереванда тәулігіне $55, ал Бакуде тәулігіне $60 жұмсайды.
ТМД-дағы ең арзан астана Кишинев (тәулігіне $35), ал ең қымбаты - Астана (тәулігіне $93).
Зерттеуде көрсетілгендей, ресейлік туристер ТМД елдеріне жазда орташа алғанда төрт күнге барып, қонақ үйде тәулігіне 3 мың рубль жұмсайды. Бұл Ресейдегі жазғы демалыстың орташа шығынына тең.
Ресейліктерді Белоруссияда Беловежская Пуща мен Несвижский сарайы қызықтырады, Минск, Витебск және Брестідегі қонақ үйлерде тоқтауды жөн санайды.
Зерттеу мәліметтеріне қарағанда, егер Грузия ТМД құрамында болса Батуми мен Тбилиси рейтингтің алғашқы ондығына кірер еді.
Travel.ru мағлұматынша, ТМД елдеріндегі курортты бағыттар рейтингінде Ыстықкөл (Қырғызстан), Бурабай курорты (Қазақстан), Худат (Каспий теңізі, Әзербайжан), Севан көлі (Армения) және Нарочь көлі (Белоруссия) көш бастап тұр.