Астана мен Габаны қалаларының жас боксшылары жастар спарингтік жекпе-жегін өткізеді

АЛМАТЫ. Қазанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Елордада бокстан    Қазақстанның  Астана және Кубаның  Габаны қалаларының жастар құрамалары  арасында  бірлескен оқу-жатығу жиыны өтіп жатыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат  Спорт комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол  қыркүйектің 28-інде басталған  болатын. «Каспий» спорт кешенінде өтіп жатқан бұл шара қазанның 7-сіне дейін созылады. Оны ұйымдастырған Астана қаласының Әуесқой бокс федерациясы. Жиын соңында  енді екі елдің жас былғары қолғап шеберлері қазанның 5-6 күндері  спарингтік жекпе-жектер өткізбек. Жалпы, Астана  қаласының құрама командасында   кеңесші-бапкер қызметін  Куба елінің маманы атқарады.