Ресми қол қою рәсімі Алматы (Қазақстан) мен Уху (Аньхой, ҚХР) қалалары арасындағы телекөпір форматында өтті.
Осылайша, Chery «Астана Моторс» компаниясының он үшінші бренді, жетінші дистрибьюторы.
«Интеллектуалды автокөлік өндірушісі ретінде бүкіл әлем мойындаған қытайлық Chery брендін Қазақстанда қарсы алып, ұсынамыз. Chery Automobile өндірісте технологияны дамыту бойынша революциялық кезеңді өткеріп, инновациялық салада дүниежүзілік автокөлік мамандары ерекше қызығушылық білдіретін жетістіктер көрсетіп келеді. Біз жаһандық даму стратегиясы аясында компанияның Қазақстандағы өршіл жоспарларын іске асыруға тиіспіз», - деді« Астана Моторс» компаниясының Бас директоры Бекнұр Несіпбаев.
«Бүкіл әлем бойынша Chery көліктерін таңдаушылар саны артып келеді. Қазақстан - Орталық Азиядағы ең перспективалы нарық, ал «Астана Моторс» - кәсіби командасы мен мол тәжірибесі бар Қазақстанның жетекші автокөлік компаниясы. Біз Chery мен «Астана Моторс» арасындағы ынтымақтастықтың болашағы зор деп ойлаймыз. Екіжақты жұмыста сәттілік тілеймін», - деді Chery International Президенті Джанг Гуйбин мырза.
Қытайдың ең ірі автомобиль өндіруішсі Chery Automobile компаниясы 1997 жылы құрылған. Бүгінде бүкіл әлем бойынша 6 автомобиль зауыты мен 11 құрастыру зауыты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар өзінің ғылыми зерттеулер мен жұмыстар жүргізетін зертханасы, бес ғылыми-зерттеу базасы бар. Инновация саласындағы қарқынды дамуының арқасында компания «технологиялық Chery» деген атпен танымал.
Компания қытайлық автомобильдердің экспорты бойынша 18 жыл қатарынан көшбасшы, өз көліктерін әлемнің 80-нен астам еліне жібереді. Соңғы жылдары экспорт көлемі 100%-дан асты, бұл компания үшін рекордтық нәтиже.
Жақын уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Chery дилерлік орталықтары жұмыс істей бастайды. Ал 2023 жылы олардың саны 17-ге дейін артады деп жоспарлануда.
Еліміздегі Chery бренді туралы толығырақ ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін «Астана Моторс» байланыс орталығынан 7007 телефоны бойынша білуге болады.