Композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» атты әйгілі ертегісін «Астана Опера» симфониялық оркестрі Алматыда алғаш рет кішкентай тыңдаушыларға қазақ тілінде орындады. Балалардың барлығы концертке барғандарына разы болып, үлкен әсер алды. Еске сала кетейік, «Петя мен Қасқыр» ертегісінің қазақ тіліндегі алғашқы қойылымы биылғы жылдың қаңтарында Астанада «Астана Опера» театрында өткізілді.