Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Митцубиси» көлігінің 1960 жылғы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оның зайыбы Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді. Сондай-ақ ауруханаға «Аудидің» жүргізушісі мен жолаушысы жеткізілді.
Полицейлердің анықтауынша, қаза тапқан азамат Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің резервінде тұрды. Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу амалдары жүргізілуде.