Баспасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, бір ай ішінде жеңілдетілген несие алуға уәде берген алаяққа азаматтар ақша аударған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 4 млн теңгеден асты.
Алаяқ өзін ұлттық компанияның қызметкерімін деп таныстырып, қызметтерін 100 мың теңгеге бағалап, жеңілдетілген шарттармен несие алуға көмектесуді ұсынған.
- Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген материалдық шығын өндірілді.Үкім заңды күшіне енді, - делінген хабарламада.
Прокуратура қырағылық танытып, ресми ақпарат көздері арқылы ақпараттың дұрыстығын тексеру қажеттігіне назар аударады.
Осыған дейін Жамбыл облысында интернет алаяқтық екі есеге өскені туралы жаздық.