«Бүгінде кейбір емханалар бойынша шағымдардың азаюын байқап отырмыз. Ал кейбірінде шағымдар бұрынғы деңгейде қалуда. Шағымдарға жасалған талдау нәтижесіне қарағанда, олар негізінен медициналық қызмет көрсетуге байланысты емес екені, яғни медициналық персоналдың тарапынан орын алатын дөрекелікке қатысты екенін көріп отырмыз. Бұндай дөрекілік негізінен орта персоналда, сондай-ақ дәрігер қызметкерлерде де байқалуда»,-деді И. Ли.
Мұнымен қоса ол мейірбикелерді даярлау да тиісті деңгейде емес екенін атап өтті.
«Жақын болашақта біз бірқатар дәрігерлік қызметтерді мейірбикелерге атқару құқығын беруді жоспарлап отырмыз, алайда олар әлі де даяр емес»,-деді И. Ли.
Оның сөзіне қарағанда, бұл тұрғыда қазірден бастап тиісті деңгейдегі даярлық жұмыстарын жүргізіп, мейірбикелердің біліктілігін арттыру қажет.