ҚҰГҚ директорының ғылыми және халықаралық жобалар жөніндегі орынбасары Сәулет Сәкеновтың айтуынша, «Демалыс күнінің саяхаты» жобасы Астана тұрғындарына қаладан алыс емес жерлерге барып, демалуға мүмкіндік береді.
«Саяхаттап жүретін бірнеше джиперлік клубтарды таптық және олар біздің бастамаға қуана қолдау білдірді. Яғни, адамдар жұма кешқұрым немесе сенбі таңертең осы джиперлермен бірге қызықты жерлерге баруына болады. Атап айтқанда, қала тұрғындары кемпингтік (автотуристер лагері) өмірдің тәжірибесін жинап, жаңа жерлермен таныса алады»,-деді С. Сәкенов.