деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сілтеме жасап.
Осы уақыт аралығында 54 мың тонна ет, 320,5 мың тонна сүт өндіріліп, 557,9 тонна биязы жүн, 216.3 миллион дана жұмыртқа алынған, өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,5 және 45,8 пайыз аралығында қалыптасып отыр. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы жүйесінде 478,2 мың бас ірі қара, 382,6 мың бас қой мен ешкі, 246,2 мың шошқа, 106,2 мың жылқы және 3721,4 мың құс күтімге алынған, бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда едәуір артық.
Жыл басынан бері елорда тұтынушыларына 11,6 мың тонна ет, 44,3 мың тонна сүт, 69,2 миллион дана жұмыртқа жөнелтілді.