«Астана» велокомандасы 2011 маусымы қарсаңында құрамын күшейтуде

АСТАНА. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының менеджменті құраманың жаңа велешабандоздармен толыға түскендігін жариялап отыр. Екіжылдық келісімшартқа Ресейдің бірнеше мәрте чемпионы Евгений Петровпен, Аквилдегі (Джиро ди Италия 2010) кезеңнің жеңімпазы хорваттық Роберт Кисерловскимен қол қойылды.

Сонымен қатар велокоманданың таратқан ақпараты бойынша, біржылдық келісімшарт эстондық спортшы Танел Кангерт пен италияндық Франческо Маскьяреллимен де жасалған.

Анықтама: Евгений Петров, 32 жаста - Ресейдің ең титулды әрі құрметті велошабандоздарының бірі. Ресейдің бірнеше мәрте чемпионы, әлем және Еуропа чемпионаттарының жеңімпазы, 2 Олимпиада ойындарына қатысты. 8 жыл кәсіби шетелдік команданың құрамында өнер көрсетті. Соңғы 4 жылда ресейлік «Катюша» велокомандасының құрамында болды.

Роберт Кисерловски, 24 жаста - Liquigas - Doimo құрамында өнер көрсетті. GP Palio del Recioto (2006) жарысында жеңіске жеткен. Ағымдағы жылы ТТТ командасының құрамында Giro d'Italia және Giro dell'Appennino жарыстарында жеңімпаз атанды.

Танел Кангерт, 23 жаста - 2010 жылғы Эстония чемпионы, француздық «EC Saint-Etienne Loire» командасының құрамында жарыс жолына шыққан.