Қордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, К2 көрсеткіші бойынша 12 айлық кіріс коэффициенті қалыпты қоржында 4,02 пайызды құрады. Ол зейнетақы қорларының 1,62 пайыздық орташа безбенделген номиналдық кіріс коэффициетінен 2,5 есе жоғары.
«Астананың» консервативтік қоржынының кірістілігі 1 жылдық К2 көрсеткіші бойынша 2,90 пайыз болып отыр. Ал зейнетақы жинақтау қорларының орташа кірістілік көрсеткіші 1 пайызды құрауда. Алғашқы жартыжылдықта қордың зейнетақы активтері 172,4 млрд теңге болып, салымшыларының саны 561 мың адамға ұлғайды. Аударылған инвестициялық кірісі 2,9 млрд. теңгеге жетіп, зейнетақы төлемдері 3 млрд. теңгеге жуықтаған болатын.