Астанада 3 мыңға жуық нысан заңдастырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 3 мыңға жуық жылжымайтын мүлік заңдастастырылды, деп хабарлады astana.gov.kz.

Оның жартысы (46%) немесе 1,3 мың нысан Сарыарқа ауданында, Алматы ауданында 32% немесе 939 нысан және 22% немесе 640 нысан Есіл ауданында орналасқан. Жалпы аудандық комиссияға 9 мыңға жуық жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 3 мыңға жуық өтініш келіп түскен.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті заңдастыру акциясы 2014 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2015 жылғы 31 қазанға дейін жалғасады. Астана қаласының тұрғындарына қолайлы болуы үшін әрбір аудандық әкімдікте заңдастыру жөніндегі комиссия құрылған.