Қазіргі кезде олардың жалпы саны 58 888 бірлікті құрайды. Қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының хабарлауынша, жаңа кәсіпорындар саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 106,3% артық. Бұл ретте тіркелген субъектілердің 50%-дан астамы Алматы ауданында, 30%-ға жуығы Сарыарқа ауданында және 20%-ы Есіл ауданында шоғырланған. Елордада шағын және орта бизнес саласында 211 мың адам жұмыс істейді, ал осы кәсіпорындарда өндірілген өнім, жұмыстар мен қызметтер көлемі өткен жылмен салыстырғанда 149%-ға артық. Осылайша, Астанада қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өсіп келеді. Үстіміздегі жылдың шілде айында бұл көрсеткіш 51076 субъектіні құраған. Жаңа кәсіпорындардың басым бөлігі құрылыс, сауда және қызмет көрсету салаларында шоғырланған, ал ең аз бөлігін қаржы және сақтандыру қызметі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы алып отыр.
16:40, 04 Қараша 2014
Астанада 4 айда 8 мыңға жуық жаңа кәсіпорын ашылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың шілде айынан бері Астана қаласының бизнес саласында 7 812 жаңа шағын және орта кәсіпорын ашылды, деп хабарлады astana.gov.kz.