"Radisson" қонақ үйінде ұйымдастырылатын жәрмеңкеге қаланың барлық қонақтары мен тұрғындары қатыса алады. Мұнда әр елдің өкілдері өздерінің дәстүрлі ас мәзірлері мен қолөнер бұйымдарын, ұлттық кәдесыйларын ұсынатын болады. Сондай-ақ келушілер арасында бағалы сыйлықтар мен шетелдерге жолдамалар ойнатылады. Шарадан түскен барлық қаражат мұқтаж отбасылар мен балалар үйлеріне бөлінетін болады.
04:43, 28 Қараша 2015
Астанада 50 елдің елшілерінің жұбайлары қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 желтоқсанда Астанада VIII рождестволық жәрмеңке өтеді. Шараны әлемнің 50 елінің елшілерінің жұбайлары ұйымдастырады, деп хабарлайды Қазақстандағы Германия елшілігінен.