«Қазіргі уақытта №1 автобус паркі №9 бағыттағы сыйымдылығы төмен автобусты сыйымдылығы жоғары автобусқа ауыстырды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, 1 желтоқсаннан бастап №9 бағытта қызмет көрсететін автобустар саны 12-ден 18-ге дейін ұлғайтылып, 10-12 минут аралықпен жүреді.
Бұрын хабарланғандай, №37 бағыттағы автобус аталған бағытта дұрыс қызмет көрсете алмады. Автобустардың жүру аралығы сақталмай, 40-50 минутқа дейін жеткен. Осыған байланысты осы бағыттағы автобусты тоқтату туралы шешім қабылданды. 1 желтоқсанда №9 бағыттағы автобус бұрынғы №37 автобустың жолымен жүре бастады.
Бұдан былай №9 бағыттағы автобус «Т/ж вокзалы» бастапқы аялдамасынан шығысқа қарай Абылай хан даңғылының бойымен «Травматология және ортопедия ҒЗИ» дейін өзгеріссіз, одан әрі - Абылай хан даңғ. - Рысқұлбеков к-сі - Құдайбердіұлы к-сі - Қошқарбаев даңғ. - Қарағанды тас жолы - Армандастар к-сі (Интернациональный т/а) - Көксай к-сі - Интернациональный т/а шығатын жол - Қарағанды тас жолы - №37 автобустың бағыты бойынша Жібек жолы т/а кіретін жол - соңғы аялдама «Жібек жолы т/а». Автобустың кері қайту кестесі де осындай (Кенесары к-сі - Жеңіс даңғ.- Сейфуллин к-сі).