«21 қыркүйек күні сағат шамамен 10:00 кезінде «Toyota-Rav-4» автокөлігінің 47 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен келе жатып, Пушкин көшесіне шығу үшін солға бұрылған. Маневр жасау кезінде аталған көлік қарама-қарсы бағытта Кеңесары көшесімен тіке қозғалған автобуспен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған «Toyota-Rav-4» автокөлігінің 2006 жылғы жасөспірім жолаушысы көз жұмды. Аталған іске қатысты ҚР ҚК 354-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, бірқатар сараптамалар тағайындалды», - деп хабарлайды ведомстводан.
Әр түрлі дене жарақаттарын алған автобустың үш жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілген. Қазіргі уақытта олардың екеуі тексерілгеннен кейін үйлеріне жіберілді. Біреуі ауруханаға жатқызылған.