«Шыны керек, бұл сұрақ жиі көтеріледі. Мамыр айында «ЭКСПО-2017» көрмесі басталар алдында жеке экономистердің «Астанада азық-түлік бағасы өседі» деген пікірлері болған. Бірақ біз ЭКСПО уақытында бәрі де ойдағыдай өткенін көріп отырмыз. Енді көрме аяқталғаннан кейін де «азық-түлік бағасы қымбаттайды. Оның бағасын қолдан ұстап тұр» деген де әңгіме шығып жатыр. Десе де, бұл нарық болғандықтан, бағаны қолдан ұстап тұру мүмкін еместігін де түсінетін боларсыздар. Сондықтан мен мұндай ақпараттарға назар аударудың қажеті жоқ деп кеңес берер едім. Кейбір заттардың құны өсті, бірақ азық-түлік бағасы арзандап келеді. Арзандау үрдісі ең кем дегенде бір айға жалғасады», - деді министр.
Тимур Сүлейменов бұл тұрғыда алаңдаудың реті жоқ екенін атап айтты.