Астана прокуратурасының мәліметінше, оқиға қызғаныштан болған. Ер адам бұрынғы қарым-қатынасын қалпына келтіруді көздеген. Алайда кейін ол әйелдің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, оның өміріне нақты қауіп төндірген.
— Сотта мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімімен оған 60 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалып, мінез-құлқына бірқатар арнайы талап қойылды. Соның ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды, — делінген хабарламада.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге үндеді. Ведомствоның мәліметінше, қорқыту мен қудалауды қоса алғанда, азаматтардың өміріне, денсаулығына және қол сұғылмаушылығына қарсы әрекеттер заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте әйелін аяусыз ұрып-соққан ер адам ұсталғанын хабарлаған едік.