Іс-шараны Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тапсырысымен «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілдері ұйымдастырады.
Слет аясында еріктілерді «EXPO-2017» халықаралық көрмесі мен Универсиада-2017 тәрізді маңызды халықаралық шараларға дайындау мектебін қалыптастыру мәселесі талқыланады.
Мектеп аясында тренингтер мен мастер-класстар өтеді. Олар еріктілер арасында тығыз қарым-қатынас орнату және бірлесіп қызмет етудің тиімділігіне қатысы өзекті мәселелерді қамтиды.
Жоғары деңгейлі тренерлер супервайзерлер мен тим-лидерлерді еріктілер қозғалысын дамыту барысында ұйымдастыру процесін басқаруға, осы жұмыстар кезінде берік коммуникация жүйесін қалыптастыру құралдарымен және шетелдік қонақтармен жұмыс істеуге үйретеді.
Слет аясында «ЕХРО-2017» Халықаралық көрмесінің «Еріктілер кодексі» қабылданады және еріктілер қозғалысын дамыту жүйесінің әдістемесі талқыланады.