Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен бүлдіршінге қатысты ресми ақпарат жариялады.
«22 мамыр күні жабық Орталық базарда (Алаш тас жолы, 19/1) эскалатордың апаттық жағдайы салдарынан екі жасар қыз зардап шекті. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметі тиісті көмекті көрсетіп, сәбиді шұғыл түрде №2 қалалық балалар ауруханасына алып кетті. Аурухананың қабылдау бөлімінде баланы мамандар қарап шықты. Екі қолындағы жарақатына бастапқы-хирургиялық өңдеу жасалды, гипспен таңылды. Баланың жағдайы тұрақты, амбулаториялық емдеуге жіберілді», - делінген басқарма жіберген хабарламада.
Бұған дейін Орталық базардағы оқыс жағдайдың видеожазбасы әлеуметтік желіге тараған еді.