Бұл туралы бүгiн Астана қаласы Жолаушыларды тасымалдау орталығы басшысының орынбасары Жомарт Дауменов мәлiм еттi.
Оның айтуынша, жүргiзушiлер "Хан Шатыр" ойын-сауық орталығының артындағы айналма жолмен жүре алады. Сонымен қатар ол айналма жолда қосымша 3 автобус аялдамасы орнатылады.
"Қазiргi уақытта Астанада 9 жаяу жүргiншiлерге арналған жерасты өткелi бар. "Хан Шатыр" орталығы мен "Ғашықтар" аллеясы аралығында салынғалы жатқан өткел оныншы болмақ. Жалпы ЭКСПО-2017 шарасына дейiн 25 жерасты өткелi салынады", - дейдi Ж. Дауменов.