Шараға Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев және Мадрид қаласындағы Urbaser xалықаралық департаментінің басшысы Луис Мануэль Де Ля Кампа Менендес пен шетел инвесторлары қатысты. Сессия барысында Астана қаласында қалдықтарды пайдалану зауытын ашу жобасы қарастырылды.
Еске салайық, елордада xалықаралық инвестициялық форум алтыншы жыл қатарынан өтуде. "Astana Invest" қатысушыларға өз жобаларын ұсынуға, сондай-ақ, тікелей инвесторлармен тілдесуге және В2В-кездесуде жаңа серіктестік табуға мүмкіндік береді.