АСТАНА. Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астанада мамырдың 26-сы мен 29-ы аралығында алғаш рет қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің «KADEX-2010» атты І Халықаралық көрмесі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, көрме қару-жарақ және әскери техника, ІТ-технологиялар, байланыс, тылдық мүліктер, медицина, сондай-ақ инфрақұрылым мен құрылыс бөлімдері бойынша ұйымдастырылмақ. Оған 20-дан астам елдің алдыңғы қатарлы компаниялары қатысады деп күтілуде.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.