Бұл туралы Астана LRT компаниясының Фейсбуктегі парақшасында жазылған.
«Ауа райына байланысты (қатты көктайғақ) қала шетіне жүретін 300, 308, 309, 310, 315, 316-шы бағдарлар тоқтатылды. Кешірім өтінеміз» - делінген хабарламада.
Астана LRT баспасөз қызметі ертең таңертең аталмыш автобустар жүретіні немесе жүрмейтіні туралы қосымша хабарланатынын жеткізді.