Арна «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясының құрамында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ашылды.
«Елбасымыз тәуелсіздіктің барлық жылдарында отандық спорттың дамуына үлкен қолдау көрсетіп келеді. Президенттің өзі әртүрлі спорт түрімен айналысады: үлкен теннис, гольф, жүзу және тау шаңғысы спорты. Осылайша ол барлық қазақстандықтарға үлгі көрсетуде. Біздің спорттағы барлық жетістіктеріміз және отандық спортшылардың жеңістері ҚР Президентінің қамқорлығы мен қолдауының нәтижесі болып табылады», - деді телеарнаның салтанатты ашылуында сөз сөйлеген ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед.
«Жаңа телеарна салауатты өмір салтының ғана емес, отандық спорттың жоғары жетістіктерінің де насихаттаушысы болатынына сенімдімін», - деп атап өтті ол.