Астанада құрылыс нысанының жұмысшысы биіктіктен құлап жарақаттанған

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында Сарыарқа және Кенесары көшелерінің қиылысында жаңадан салынып жатқан құрылыс нысанында биіктіктен бір жұмысшы құлап кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Кеше, яғни 15 наурыз күні сағат 20.20-да құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында 2-ші қабаттағы биіктіктен «Көкталқұрылыс сервис» ЖШС тас қалаушысы 1991 жылы туған Г.Гооге құлап кеткен. Оқиға салдарынан түрлі жарақаттар алған ол ауруханаға жатқызылды.