Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асқан ауқымды іс-шара «Атамекен» этно- мемориалдық кешені алаңында өтті.
«Акция Қазақстан жастарының бірлігін, татулығы мен достығын айқындай түскендей. Оның қатысушылары ҚР Мемлекеттік әнұранын Астанада, Лондонда, Вашингтонда, Мәскеуде және Шанхайда бір мезетте орындады. Трансляция алаңға орнатылған үлкен экранда жүрді»,- деп жеткізді ұйымдастырушылар.
«Атамекен» этно-мемориалдық кешені алаңына 1 мыңға жуық қатысушы жиналды. Олардың арасында ЖОО-лар мен колледждердің студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, шығармашылық таңдаулы топ, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және Олимпиада жеңімпаздары бар. Акция аясында «Жас ұлан» Республикалық мектеп оркестрі өнер көрсетіп, ҚР көк Туын көтерген велосипедшілердің шеруі болып өтті. Шара соңы Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік би кешіне ұласты.