Астанада менингит белгілерімен ауруханаға түскен бала Алматыдан келген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада менингит белгілерімен ауруханаға түскен бала 24 мамырда Алматыдан келген. Бұл туралы Астана қалалық балалар инфекциялық ауруханасы бас дәрігерінің медицина бойынша орынбасары Ольга Пушкарева аталмыш ауруханада өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«29 мамыр күні сағат шамамен 13:00 кезінде Астана қаласындағы Балалар инфекциялық ауруханасының қабылдау бөліміне үш жарым жасар бала түсті. Баланы өздері (ата-анасы немесе туысы - авт.) алып келген. Тексерілгеннен кейін балаға алдын ала диагноз қойылды. Диагноз - «Менингококк инфекциясы, генерализдік формасы, менингит менингококцемия. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты. Бала диагностика мен емделудің клиникалық хаттамаларына сәйкес ем алып жатыр. Бала түскен кезде арқа-ми сұйықтығына бактериологиялық тексеру жүргізілді», - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта классикалық анықтау жүргізіліп жатыр.

«Анализ кезінде анықталғанындай, бала ұзақ уақыт Алматы қаласында болған. Астанаға 24 мамырда келген», - деді Ольга Пушкарева.

Еске сала кетсек, 29 мамырда сағат 13:12-де қалалық инфекциялық балалар ауруxанасына 3 жас 5 айлық бала түскен болатын.

Айта кетейік, осы күндері менингококк инфекциясының таралу ахуалы Алматы қаласында өршіп тұр. Соңғы 2 аптада дəрігерлерге 57 адам жүгінген. Оның 29-ында диагноз расталды. Менингококк жұқпасынан төрт адам қайтыс болды - ер адам, әйел, студент және 5 жасар бала.

Сондай-ақ бүгін белгілі болғандай, Талдықорғанда менингиттен 3 жасар бала көз жұмды. Оның  ата-анасы тексеру үшін ауруханаға жатқызылды.