Астанада «Оле Бразил Клаб» футбол академиясының жаттықтырушылары шеберлік сыныбын өткізеді

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Сәуірдің 19-ы мен 23-і күндері елордадағы «Астана-Арена» стадионында Бразилияның «Оле Бразил Клаб» футбол академиясының жетекші жаттықтырушысы Фабрисио Морозеттидің басқаруымен елорданың 100 жасөспірім футболшылары мен жаттықтырушылары үшін шеберлік сыныбы өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш шараны «К Спортс Маркетинг» компаниясының қолдауымен ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырып отыр. Сонымен қатар, балалар мен екі жатықтырушыдан бөлек, қақпашылардың жаттықтырушысы да жұмыс жасайтын болады. Бұл шара біздің елімізде сәуірдің 25-і күні тойланатын футбол күніне арналып отыр. 2002 жылы сәуірдің 25-де Қазақстан УЕФА-ға мүше болған, содан бері бұл күн - футбол күні ретінде аталып өтіледі. Шеберлік сыныбы күн сайын сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін өткізіледі.