Оқиға дүйсенбі, қазанның 4-і күні 22 сағат 57 минутта Сарыарқа ауданы Сарыарқа даңғылында орналасқан «Сарыарқа» тұрғын үй кешенінде орын алды. Өрт 9 қабатты тұрғын үйдің жертөлесінен шыққан.
Тілсіз жау Астана қаласы бойынша ТЖД-ның 17 адамы мен 3 техниканың күшімен бір сағатқа жуық уақытта ауыздықталды.
Бес шаршы метр аумаққа жайылған жалынды сөндіру барысында 47 адам, оның ішінде 10 бала қауіпсіз жерге көшірілді.
Құтқарушылардың айтуынша, оқиға орнынан тұлғасы анықталмаған ер адамның мәйіті табылды.