Астанада Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығына арналған әскерлер шеруі болып өтті

АСТАНА. Тамыздың 30-ы. ҚазАқпарат. Астанада «Қазақ елі» монументінің алдында Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясының 15 жылдығына арналған әскерлер шеруі болып өтті. Онда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйледі. ҚазАқпарат төменде Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін береді.

Армысыңдар, әскерлер!

Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтаймын!

Қымбатты қазақстандықтар!

Сардарлар мен сарбаздар!

Бүгін ел Конституциясына 15 жыл толды!

Бұл - біздің мемлекетіміз үшін мерейлі меже, айрықша маңызды күн!

Баршаңызды осы ұлық мерекемен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция - біздің арайлы азаттығымыздың айнымас айғағы, жарқын болашағымыздың бұлжымас бағдары!

Ол елдігіміздің алтын арқауы, толағай табыстарымыздың бастау қайнары!

Қастерлі тарихымызда түрлі ел билеу жосықтары болған.

Аталы кесімге, әділ шешімге тоқтаған дана халқымыз түрлі жаса мен жарғыға, низам мен ережеге бағынған.

Ордабасы мен Ұлытауда, Мәртөбе мен Күлтебеде келелі кеңес құрған.

Заңды басшылыққа алып, орталыққа ұйысқан сайын берекелі халқымыздың бірлігі нығая түскен. Бұлар - сол тұстағы еңселі елдіктің ерекше белгілері еді.

Алайда, қазақ халқы тарихында тұңғыш рет толыққанды төл Конституциясына осыдан 15 жыл бұрын қол жеткізді.

Кеңескен ерде - кемшілік болмайды. Келелі істі халық қолдайды.

Бүкілхалықтың талқысынан өтіп, елдің игілігіне айналған Конституция - біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады.

Сын сағатта тәуелсіздігіміздің кепілі болған қастерлі Ата Заңымыз - ұлттық рухымыздың адастырмас темірқазығына айналды.

Біз бірлігімізді бекемдеген бәтуалы байламмен тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік, тұрақтылық пен тұтастықты сақтап, дегенімізге жеттік.

Біз жүретін жолымыздың жаңылмас жосығы, талғам-таңдауымыздың таразысы болған Конституция арқылы іргелі саяси-экономикалық реформаларды іске асырдық.

Конституцияның кепілдік етуімен түрлі этнос өкілдерінің уыздай ұйыған ұлысына айналған Қазақстанның өнегесі бүгінде бүкіл әлемге үлгі ретінде ұсынылуда.

Біз дүниені дүрліктірген қиындықтарды еңсердік, соның бәрін қатулықпен емес, татулықпен шештік.

Біз қол жетпес қиянда көрінген биік белестерді бағындырдық.

Тарлан тарих үшін тым қысқа болып саналатын аз уақыттың ішінде ғасырлық мәні бар ауқымды істер атқардық.

Біз Сарыарқаның сайын даласында салтанаты жарасқан, зәулім ғимараттары көкпен таласқан асқақ Астананы салдық.

Біз жасампаз Жарғымен төрт құбыламыз теңеліп, қатарымыздан төрге оздық.

Төрткүл дүниеге төрелік айтып, Төбе билікке қол создық!

Қазақстан биыл Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуде.

Таяуда елімізде осы беделі биік ұйымға мүше мемлекет басшыларының Саммиті өтеді.

Мұндай мәртебеге қазақ елі бұрын қол жеткізген емес.

Конституцияны қастерлеу, түптеп келгенде, мемлекетті құрметтеу деген сөз!

Ендеше, біз баршамызға өнегелі қағидаттар ұсынатын ұстынымыз, жасампаз жарғымыз - Ата заңды айрықша құрметтеуіміз керек.

Сондықтан, біз бүгін Конституция күнін ерекше жағдайда атап өтудеміз.

Елордамыздың Бас алаңында, алтын самұрығы тұғырына қонған «Қазақ елі» монументі мен Тәуелсіздік сарайының алдында былтыр тұңғыш рет әскери парад өткізілген еді. Биыл осы үрдіс жарасымды жалғасын тауып, игі дәстүрге айналды.

Уважаемые казахстанцы!

Сегодня наша страна проходит этапный рубеж в развитии национальной государственности.

Мы торжественно отмечаем 15-летие Основного закона страны.

Я от всего сердца поздравляю всех казахстанцев с этой знаменательной датой!

Конституция утвердила единство народа, объединила на казахстанской земле граждан всех этносов, связанных общей исторической судьбой.

Рожденная единой всенародной волей она стала созидательной основой развития страны.

За эти годы мы совершили колоссальный прогресс в построении Казахстана как современного государства.

15 лет независимого конституционного строительства - это миг в потоке истории, но он вобрал события и свершения, о которых наш народ мечтал веками.

Мы построили сильное, экономически успешное, политически стабильное государство, которое ценит и уважает весь мир.

Мы создали Астану - новую столицу мирового класса в плеяде глобальных столиц.

Это гордый символ мощи, благородства и процветания нашего Казахстана.

Мегаполис, опережающий время!

Сегодня весь Казахстан строится и расцветает, держа равнение на главный город страны!

Казахстан предстал всему миру на новой высоте.

В декабре этого года в нашей столице состоится Саммит глав государств ОБСЕ, который станет кульминационным моментом нашего успешного председательства.

Сейчас молодая казахстанская государственность находится на высоком историческом подъеме.

Базовая формула нашего пути - стабильность через толерантность, модернизация через либерализацию.

Наши общенациональные традиции гласят, что нет важнее и благороднее цели, чем укрепление мира и согласия в нашем общем доме.

И нет для государства опоры надежнее, чем сплоченное общество.

Наша Конституция стала прочной гарантией незыблемости этих идеалов.

Надежным оплотом нерушимой дружбы и единства является Ассамблея народа, которой в этом году также исполняется 15 лет.

Мы успешно решаем задачи повышения народного благосостояния.

Стабильно возрастают расходы на образование и здравоохранение.

За последние 10 лет они выросли более чем в 8 раз.

Недавно мы открыли Новый университет Астаны. По всей республике возводится единая сеть интеллектуальных школ.

Я убежден, в XXI веке казахстанцы станут одной из наиболее просвещенных, образованных и конкурентоспособных наций.

Мы успешно преодолели все последствия глобального кризиса.

В Послании народу я поставил ключевые задачи, которые нам предстоит решить в ближайшее десятилетие.

Мы твердо намерены совершить технологическую модернизацию казахстанской экономики.

Уже в нынешнем году завершается реализация более ста сорока индустриальных объектов.

Это свыше восьмиста миллиардов тенге инвестиций и более двадцати тысяч новых рабочих мест.

И все это - задачи, основанные на конкретных социально-экономических показателях развития страны.

Уважаемые казахстанцы!

Именно сегодня строится будущее последующих поколений.

Все наши достижения - это стимул для новых свершений.

Достигнутые нами успехи и ценности, которыми мы дорожим, находятся под надежной защитой казахстанской Армии - наследницы великих воинских традиций нашей земли.

Я обращаюсь ко всем, кто стоит на страже нашей Независимости!

На ваши плечи возложена высокая миссия - оберегать суверенитет Казахстана и спокойствие казахстанцев.

С честью выполняйте этот священный долг!

Сегодня наши доблестные воины торжественным маршем пройдут по этой площади.

Это дань уважения Основному закону страны.

С праздником вас, дорогие мои казахстанцы!

Пусть этот день всегда будет олицетворением силы нашего государства!

Да здравствует наша славная Армия!

Да здравствует Независимый Казахстан!

Сардарлар мен сарбаздар!

Келелі Конституциямыз - дауға қалдырмайтын амалымыз, айбарлы армиямыз - жауға алдырмайтын қамалымыз.

Оқтан қағар ақберен сауытымыз - ұлттық әскеріміз тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды қас қақпай күзетіп тұр.

Тасқа басылған тарихымыздың жарқын тұстары бізді елдік пен ерлікке шақырады.

Ежелден ер деген даңқы шыққан батыр бабаларымыз күрең мініп, кіреуке киген, қоңыраулы найза қолға алып, жауға бөрідей тиген.

Киелі атамекен, туған жер үшін жан беріскен баһадүрлер қашанда арын жанынан биік бағалаған, Отан үшін от кешіп, ел-жұртын қорғап қалған.

Есіл ерлердің ғұмыры ат сыртында өткен, осылайша, бізге құладын ұшса қанаты талатын ұланғайыр даланы аманат еткен.

Осы аманатты көздің қарашығындай сақтау - бүгінгі батырлардың қастерлі борышы, ұлттық армияның ұлы міндеті.

Сап түзеген сардарлар мен сарбаздар үшін бұдан асқақ мұрат, бұдан асқан абырой болмайды.

Ендеше, еліміздің абыройы асқақтап, ұлттық әскеріміздің даңқы арта берсін!

Конституция күні құтты болсын!

Тәуелсіз Қазақстан жасасын!