Шараның мақсаты - үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің рұқсат беру мен бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылап, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша диалог орнату. Осыған қарай отырысқа мемлекеттік органдардың, кәсіпкерлердің салалық қауымдастықтардың өкілдері, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектілері қатысады деп күтілуде.
20:06, 09 Қараша 2010
Астанада рұқсат беру жүйесін оңтайландыру мәселесіне арналған дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Экономикалық даму және сауда министрлігі және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ «Қазақстан кәсіпкерлерінің форумымен» бірге 13 қарашада «Өңірлік деңгейде рұқсат беру жүйесін оңтайландыру және Қазақстан Республикасында бақылау-қадағалау жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі зерттеудің нәтижелері» тақырыбына арналған дөңгелек үстел өткізеді.