Оқиға салдарынан бес тұрғын үйдің тұтынушылары бір күн бойы сусыз қалды, тұтас бір ықшамауданның және тағы бір көшенің су жүйесі төмен қысымда жұмыс істеді.
Бүгін түнде сағат 3.00-де су құбырының жұмысы қалпына келтірілді. Апаттың салдарын жоюға «Астана су арнасы» мекемесінің арнайы бригадасы: 10 адам және 4 техника жұмылдырылды.