11:43, 24 Сәуір 2009
Астанада тiркелген 23 351 шағын бизнес кәсiпорнының 15 995-i жұмыс істейді
Астана. Сәуiрдiң 24-i. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - 2009 жылғы сәуiрдiң 1-iндегi мәлiмет бойынша елордада 23351 шағын бизнес кәсiпорны тiркелген, олардың 15 995-i немесе 68,5 пайызы жұмыс iстейдi,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласының Статистикалық департаментiне сiлтеме жасап.Жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындардың басым бөлiгi сауда, автомобильдердi, тұрмыс бұйымдарын және жеке пайдаланатын заттарды жөндеу және құрылысқа тиесiлi.
Сәуiрдiң 1-iндегi есеп бойынша, Астана қаласының шағын бизнес кәсiпорындарында 37,6 мың адам жұмыспен қамтылған. Бұл көрсеткiш өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырғанда 41,9 пайызға кемiдi. Ағымдағы жылдың қаңтар-наурызында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi шығарған өнiмдер (жұмыстар, қызметтер) 75,4 млрд. теңгенi құрады.