Полицияның мәліметінше, кейбір жағдайларда бұл мақсатта жеке пәтерлер, арнайы бөлінген бөлмелер, сондай-ақ тұрғын үйлердің қайта жабдықталған аумақтары, оның ішінде шкафтар мен оқшауланған орындар пайдаланылған. Бұл орындарға жарықтандыру, желдету және ылғалдылықты реттеу жүйелері орнатылған.
— Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер заңсыз әрекетке қатысы бар күдіктілерді анықтап, ұстады. Жүргізілген тінтулер кезінде құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер, дайын есірткі құралдары және оларды өсіруге арналған арнайы жабдықтар тәркіленді, — делінген хабарламада.
Заңсыз айналымнан алынған есірткі құралдарының жалпы салмағы 20 келіге жуық болды.
Бұл деректер бойынша қылмыстық істер қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Полиция құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру, сондай-ақ есірткі құралдарын дайындау, сақтау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.
Еске салайық, бұған дейін шілденің 10 күнінде Қазақстанда 121 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленгенін жазғанбыз.