Елорданың ресми сайтының жазуынша, биылғы жылы Бағдарлама аясында 2117 жұмыс орындық (729 құрылыс салу кезінде, 1388 - тұрақты жұмыс орны) 7 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
Олардың жыл басынан бері 5 жобасы пайдалануға берілді. Атап айтқанда: «Ақмола облысындағы Нұра-Есіл су арнасын жаңарту», « 9 000 тонналық көкөніс қоймасының 1 және 2 кезеңінің құрылысы», «Өнімділігі сағатына 3000 кг қысқа кесілген макарон өндірісі», «Электровоз құрастыру зауыты», «Фотоэлектр модульді құрастыру зауыты».
Қалған екі жобаға қатысты («Қуаты 5000 тонналық көкөніс қоймасы мен Астана қаласында көкөніс өңдейтін цех құрылысы», «Өндірістік әйнектер өңдейтін зауыт құрылысы» (Энергоүнемдегіш әйнекпакеттер өндірісі) оның мерзімін Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кейінге қалдыру туралы ұсыныс түсірді.