«Өндірістік аймақ көшесі ауданында өткізу қабілетін арттыру мақсатында Ақжол көшесіне (бұрынғы Угольная көшесі) қарай тағы бір жол салу туралы шешім қабылданған еді. Қазіргі күні бұл жолда уақытша бағдаршам құралдары қойылып, 6 жолақты жол ашылды. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Ақжол көшесінің жолы екі жолақты болатын», - делінген таратылған баспасөз мәлімдемесінде.
Сонымен қатар, басқарманың баспасөз қызметі ЖПБ жол қадағалау бөлімінің бастығы Нұрлан Ұбаевтың сөзіне сілтеме жасап, төмендегідей ақпарат таратады: «Көшені абаттандыру, техникалық құралдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын қалпына келтіру жұмыстары кем дегенде алдағы жылы аяқталады». ЖПБ бұл шешімді «аталмыш көшені қайта жөндеу жобасы 2011 жылға өтпелі болуымен» түсіндіреді.