Синоптиктердің хабарлауынша, 15 мамырда көшпелі бұлт шығады, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түседі.
Солтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз 10... 12°С.
«16 мамырда елордада жауын жаумайды, күн бұлтты болады. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз 13... 15°С.
17 мамырда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын жел бағытын оңтүстік-батысқа өзгертеді. Оның жылдамдығы 5-10 м/с. Сынап бағанасы түнде 1... 3°С, күндіз 19... 21°С болады», делінген «Қазгидромет хабарламасында.