23 маусым күні күндіз елордада найзағай жарқылдап, батыстан секундына жылдамдығы 15 метр жел соғуы ықтимал.
Сондай-ақ, 23 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұруы мүмкін, бұршақ жаууы ықтимал, батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метрге жетуі мүмкін. Дауыл тұру ықтималдылығы - 80-85%.
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланғаны хабарланған болатын.