деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Нұр Отан» ХДП-ның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада еліміздегі мүгедек жандардың қазақстандық қоғаммен ұйысуының мәселесі және осы орайдағы мемлекеттік органдар мен бизнес ұйымдарының қосар үлесі талқыланды. «Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бірлескен қарар қабылданды.
Бүгін, желтоқсанның 3-і күні, осы іс-шара аясында әлеуметтік саланың белсенді азаматтарын анықтауға арналған «Жаншуақ» сыйлығының жеңімпаздары марапатталады.