АСТАНА. KAZINFORM – Synosure компаниясы Катардың инвесторы «Еlegancia Healthcare W.L.L.» бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр.
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, бұл жобаға салынатын инвестицияның жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңге. Оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Алайда үшінші тұлғалар арасындағы сот дауына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.
Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.
Эльмира Оралбаева
Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі. 2023 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде шығарушы редактор қызметін атқарып келеді.