Ұлттық медицина холдингінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 22 кішкентай қазақстандықтар эндокринолог, көз дәрігері және басқа да саладағы дәрігерлердің кеңесінен өтті.
Осындай тегін медициналық тексерістердің алғаш рет өткізіліп отырғанын айта кеткен жөн. Жалпы 2009 жылы Республикалық диагоностикалық орталықтың өткізген 42 000 қабылдауының ішінде 14 жасқа дейінгі 6 000-нан астам балалар тегін медициналық тексерістен өткен.