Елорда әкімдігі ресми сайтының мәліметінше, қозғалыс 19 шілде күні сағат 21:00-ден бастап 21 шілдеге дейін толығымен жабылады.
Бұл ретте көлік қозғалысы сол жағымен бір бағытта ғана (Мәңгілік Ел даңғылынан «Марал» көпіріне қарай) орындалады.
Мекеме қала тұрғындары мен қонақтарынан жолдағы кептелісті болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада тағы бір көше уақытша жабылатынын жазған едік.