«Қазіргі уақытта техникалық монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды. Мұнда алтынның 9999 деңгейлі сынамасын шығаруға мүмкіндік беретін алдыңғы қатарлы "IECO" италиялық қондырғылары орнатылған. Зауыттың ашылуына 47 күн қалды, дегенмен оның құрылысы ертерек аяқталады деп күтілуде. Бүгінгі таңда зауытқа шикізат тасымалдау жөнінде Қазақстанның тау-кен саласының өндірушілерімен 21 меморандум жасалды. Сонымен қатар жақында Шығыс Қазақстандағы «Казцинк» компаниясымен келісімшартқа отырдық. Жолын салса, аталған компанияның жеткізетін шикізаты негізінде алғашқы өнімді біз 10 қарашада ала бастаймыз», - деп атап өтті М.Тілеужанов.
Айта кетейік, «Тау Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты - Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы негізінде Астананың Индустриалдық паркіндегі ҮИИДБ аясында жүзеге асып жатқан маңызды жобалардың бірі. Зауыт құрылысы 2011 жылы қолға алынды. Жалпы құны 5,6 млрд. теңге тұратын нысанды 2013 жылдың 16 желтоқсанында ресми түрде іске қосу жоспарлануда.